12 шілдеде еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр,найзағай,бұршақ,дауыл күтіледі. Солтүстіктен,солтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың солтүстігінде,шығысында,күндіз екпіні 15-20,облыстың шығысында 23 м/с.
Қызылорда облысының батысында,солтүстігінде,орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан,оңтүстік-батыстан соғады,күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде,таулы аудандарында найзағай,бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады,облыстың оңтүстігінде,таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Ақмола облысының батысында,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде,батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде,батысында,күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде,батысында бұршак,дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде 15-20 м/с,кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан,оңтүстік-шығыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында,орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан,оңтүстіктен жел соғады,орталығында екпіні 15-20,облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде,тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,тауларында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,батысында найзағай,дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз облыстың оңтүстігінде,батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында,оңтүстігінде найзағай,күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай,облыстың батысында,оңтүстігінде бұршақ,дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады,облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде екпіні 15-20,күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде,шығысында найзағай,күндіз найзағай,солтүстігінде бұршақ,дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен,солтүстік-батыстан соғады,күндіз екпіні 15-20 м/с,орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында,оңтүстігінде,оңтүстік-шығысында,солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде,орталығында найзағай,күндіз бұршақ,дауыл,шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,орталығында 15-20,кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.