Өмір

Бурабайға демалуға барған балалар ауруханаға түсті

Jul 8, 2024 IDOPRESS
Бурабайға Павлодардан демалысқа келген балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты,- деп хабар

Бурабайға Павлодардан демалысқа келген балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бурабайға Павлодардан демалысқа келген балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше барлық он бала Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

"7 шілде күні шамамен 11:30-да он балаға диагноз қойылып,бәрі Щучинск қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог мамандар қарап,мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жұғынды,алынып,менингококкқа тамақтан жұғынды,ротавирус және энтеровируске,сондай-ақ ковидке анализдер алынып,жалпы қан талдауы жасалды. Екі балаға көкірек қуысына рентгенографиясынан өтті. Үш балаға бұлшықетішілік дәрі беріліп,қалғандарына пероралды антибиотиктер мен тамақты шайылды",- деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасынан.