Өмір

Жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады - Тоқаев климаттың өзгеруі туралы

Jul 6, 2024 IDOPRESS
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев \"ШЫҰ плюс\" саммитінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбониз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялаудың шешуші бағытын жалғастыруы керек екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялаудың шешуші бағытын жалғастыруы керек екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ерекше маңызды болып отырғанын айтты.

"Бұл саладағы жағдай елеулі алаңдаушылық туғызады. Біз барлық дерлік мемлекетке орасан зор зиян келтіретін табиғи апаттардың айтарлықтай өсуіне куә болдық. Жақында Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын сезді. Мамандардың пікірінше,бұл табиғи апаттың ауқымы жаһандық жылыну процесіне тікелей байланысты. Климаттық қиындықтарды жалғыз жеңу мүмкін емес екені анық.


Әлемдік қоғамдастық экономиканы декарбонизациялауға,бірақ барлық мемлекетті дамыту мен жаңғыртудың өзекті міндеттеріне нұқсан келтірместен шешуші бағытты жалғастыруы тиіс деп санаймын.

Биылғы қарашада Бакуде өтетін COP29 конференциясы аясында климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ынтымақтастығымызды көрсете аламыз",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев