Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына келді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады",- делінген хабарламада.
Саммит "Көлік,коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.