Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Ол үшін алаяқтар жалған аккаунт жасайды. Олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі,аты,әкесінің аты,суреті. Алаяқтар құпия ақпаратты беру мақсатында ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерді шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық дерегінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиіс",- делінген хабарламада.
Егер күдікті қоңырауларды немесе хабарламаларды,соның ішінде әлеуметтік желілер хат алсаңыз,мына әрекеттерді орындау ұсынылады:
Хабарламаның негізгі көзін тексеріңіз: хабардың шынайылығына күмәндансаңыз,ресми веб-сайттарда көрсетілген ресми контактілер арқылы болжамды жіберушіге хабарласыңыз.
Күдікті сілтемелерді баспаңыз: алаяқтар деректеріңізге қолжеткізу үшін фишингтік сілтемелерді жиі пайдаланады.
Жеке деректермен бөліспеңіз: ешқашан жеке ақпаратты,құпия сөздерді немесе банктік деректемелерді мессенджерлер арқылы бөліспеңіз.
Күдікті контактілерді блоктау: күдікті хабар алсаңыз,контактіні блоктаңыз.