Алматыда Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty Joly мәліметіне сілтеме жасап.
29 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Бостандық ауданында Байқадамов көшесінде Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы шектеледі.
Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы көлік қозғалысы толығымен жабылады.
"Бұл уақытша шаралар жолдың осы бөлігінің астына салынған және 1984 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ұзындығы 1220 метрлік құбырды қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін қажет.
Қала тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұралады",- делінген хабарламада.