Өмір

Астана аспанында әскери ұшақтар байқалды. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Jun 29, 2024 IDOPRESS

Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала үстінен ұшқан әскери ұшақтарды байқады. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала үстінен ұшқан әскери ұшақтарды байқады. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде астаналықтар видеолар мен суреттерді бөлісіп жатыр. Мысалы,мына видеодан қатар ұшқан 6 әскери ұшақ көрсетілген.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше,2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астанада әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.

"Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз",- делінген хабарламада.