Астана аумағына көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған. Полиция департаменті пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1 - 5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы,Қоянды,Ильинка,Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған",- делінген хабарламада.
Астана Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.