Астанада 29 маусымнан бастап № 10 бағдардың Аэропорт бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City transportation systems (CTS) мәліметіне сілтеме жасап.
"Енді бағдар "Хан шатыр" СОО арқылы жүрмейді. Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылады. Осылайша екі бағыттағы сызбасы бірдей болады.
Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру,техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 1 шақырымға,айналым уақытын 3 минутқа және қозғалыс аралығын қысқартуға ықпал етеді",- делінген хабарламада.