"Ашық НҚА" порталында "несиелік демалыс" автоматты түрде берілетін азаматтар санаты туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан кейін 60 күн қамтылатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей,негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады",- делінген құжатта.