Өмір

Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды

Apr 2, 2024
Павлодардағы мектептердің бірінде жыл басында балалар арасында жанжал шықты. Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
видео кадры

Куәгерлердің – оқиға болған мектеп қызметкерлерінің, кәмелетке толмағандардың өздері, олардың заңды өкілдерінің айғақтарын, сондай-ақ бейнебақылау камерасынан алынған бейнені зерделей келе, сот қыздың тарапынан баланы қорлап, арандату болғаны, салдарынан агрессия туғаны туралы қорытындыға келген.

Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол сол мектептің төменгі сыныбында оқитын қарындасын "коротышка" деп мазақ қылған.

Нәтижесінде сот қыздың әрекетінде ұсақ бұзақылық болды деген қорытындыға келген. Анасы қызын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін интернетте Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі растады.