Бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыздықовтың айтуынша, су тасқыны мәселесі тұрақты түрде күрделі жағдайда. Батыс облыстарда судың аздап азаюы, республиканың орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде, керісінше, өзен деңгейінің қарқынды көтерілуі байқалады.
"Су басу аймағында бес облыс бар, әкімдіктер 20 жергілікті төтенше жағдай жариялады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталған. Министрлік күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, таратылды", - деді Сыздықов.