Бизнес

Кения президенті Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келді

May 20, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске салайық,19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.