Бизнес

24 градусқа дейін ыстық және көктайғақ: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Mar 27, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> \"Қазгидромет\" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 27,28

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 27,28 және 29 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

27 наурызда күн райы құбылмалы болады,жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус,күндіз +9...+11 градус жылы.

28 наурызда күн райы құбылмалы болады,жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус,күндіз +12...+14 градус жылы.

29 наурызда күн райы құбылмалы болады,жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус,күндіз +12...+14 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

27 наурызда күн райы құбылмалы болады,жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады,жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус,күндіз +22...+24 градус жылы.

28-29 наурызда күн райы құбылмалы болады,жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады,жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +21...+23 градус жылы.