itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Оның айтуынша,бұл жерде мәселе төлемейтіндерді ынталандыруда емес,балалардың мүддесін қорғап,оларға төлемдерге кепілдік беруде болып отыр.
"Неге әйелдер сот шешімімен бекітілген нәрсеге қол жеткізу үшін табалдырық тоздыруға мәжбүр? Неге біз ерекше назар мен қорғауға мұқтаж жандардың іс жүзінде бұдан мақұрым қалуына төзіп келеміз? Мұндай жағдайда оларды осы мәселемен бетпе-бет қалдыру - оларды әлеуметтік тығырыққа тіреп,психологиялық құлдырауға итермелеу деген сөз",- деді мәжілісмен.
Қорды салықтық емес түсімдер,сондай-ақ Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отыр,ол қорға заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен ақша бағытталады.
Сонымен қатар депутат биліктің мұндай шаралар "масылдыққа" әкелуі мүмкін деген қаупімен келіспеді. Оның пікірінше,мәселе басқада - төлемейтіндердің жазасыз қалуында болып отыр.
"Үкіметтің бұл мәселені түбегейлі шеше алмауы жауапсыздыққа әкеп соқты,қарыз сомасының өзі бәрін айтып тұр",- деп түсіндірді мәжілісмен.
Бұл жерде масылдықтан емес,жауапсыз ата-аналардың жазасыз қалатынына сенімді болуынан және өз балаларына деген жауапсыздықтың артуынан қорқу керек,деп есептейді ол.
"Бұл қаражат балалардың игілігіне қызмет етсін. Мұндай тәсіл механизмнің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай,мемлекеттік ресурстарды ең сезімтал әлеуметтік міндеттердің бірін шешуге бағыттауға мүмкіндік береді",- деп түйіндеді депутат.