Бизнес

Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21-23 сәуірге арналған болжам

Apr 21, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 21,22 және 23 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы

21 сәуір күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус,күндіз +19...+21 градус.

22 сәуір күн райы құбылмалы болады,күн соңында жаңбыр жауып,күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +20...+22 градус.

23 сәуір күн райы құбылмалы болады,жаңбыр жауады,күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус,күндіз +15...+17 градус.

Алматыдағы ауа райы

21 сәуір күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус,күндіз +21...+23 градус.

22 сәуір күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус,күндіз +24...+26 градус.

23 сәуір күн райы құбылмалы болады,күндіз жаңбыр жауып,күн күркірейді,кешке қарай кей уақытта нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан,батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,кей кездері екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус,күндіз +21...+23 градус.

Еске салайық,бұған дейін синоптиктер Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын тудыратынын мәлімдеді.