itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

63,7 миллиард теңге болады.
Нұрбол Назарбаевтың өзін банкрот деп тануға тырысқан алғашқы әрекеттері 2025 жылдың күзінде басталды. Былтыр қыркүйекте сот өтінішті қабылдағанымен,кейінірек оны қараусыз қалдырды.
"2025 жылғы 19 қарашадағы ұйғарыммен Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды",- деп хабарлады Tengrinews.kz редакцияның ресми сауалына соттан келген жауапта.
Осылайша,Назарбаевтың банкроттық пен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін ресми түрде бастауға бағытталған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін ол сот шешіміне шағымданбақ болды,бірақ тағы да бас тартылды.
Қазіргі уақытта Назарбаев өзін банкрот деп танып,қарыздарын реттеуге үшінші рет әрекет жасап жатыр.
Нұрбол Назарбаев - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені және Болат Назарбаевтың ұлы. 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет етіп,Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды. Кейін кәсіпкерлікпен айналысып,елдегі ең бай бизнесмендердің тізіміне енді.
"Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені" рейтингінде ол мынадай орындарға ие болды:
2024 жылы - 49-орын;
2025 жылдың мамырында - 57-орын.
Мамырда оның дәулеті шамамен 179 миллион долларға (сол кездегі бағам бойынша 91 миллиард теңгеден аса) бағаланды. Ол "Prime Capital Invest" ЖШС мен "Prime Capital Holding" ЖШС меншік иесі,сондай-ақ "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-нің қосалқы иесі ретінде тіркелген.