itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері 4,5 және 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес,барикалық жүйелердің - циклон мен антициклондардың - алмасуына байланысты Қазақстандағы жайлы ауа райы жаңбырлы күнге ауысады.
"Жаңбыр жауып,кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжанды. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында,5-6 сәуірде батысында,ал 5 сәуірде республиканың оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі",- деп хабарлады метеорологтар.
Қазақстан аумағында жел күшейіп,түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі,күндіз кей өңірлерде бұршақ жауып,дауыл тұруы мүмкін.
Қазақстан аумағында күндізгі температуралық фонның шамалы өзгеруі күтіледі:
елдің батысында +15...+25 градустан +10...+20 градус жылыға дейін төмендейді;
солтүстікте +11...+20 градустан +15...+20 градус жылыға дейін көтеріледі;
шығыста +15...+23 градустан +20...+28 градус жылы аралығында құбылады.
Қазақстанның қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.