Бизнес

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Жамбыл облысында ұсталды

Mar 31, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

ІІМ криминалдық Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер сенімге кіре отырып,түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.