Бизнес

Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан “Керуен сарай“ кешеніне барды

Mar 24, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды,- деп хабарлайды

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары,тігін мен зергерлік өнер үлгілері,тері бұйымдары,сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

Бұдан бөлек,Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Іс-шара барысында қазақ күресі,гір тасын көтеру,қол күресі,асық ату,арқан тарту,жамбы ату,тоғызқұмалақ,ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.