Бизнес

Балаға үйден тыс жерде жасалған зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады: психолог кеңесі

Mar 20, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Бала көбіне өзі өскен ортадағы "үлкендікі әрқашан дұрыс","мұғалім жақсы біледі","шағымдануға болмайды" деген қағидаларға байланысты үндемейді. Бұған сенбейді,жазалайды немесе бұдан да жаман болады деген қорқынышты қосыңыз - сонда тұйық шеңбер пайда болады",- деді маман.

Оның айтуынша,сондай-ақ балалар ата-анасын ренжітіп алудан немесе "өзің кінәлісің","ештеңе етпес" деген сөздерді естуден қорқуы мүмкін.

"Әсіресе ерекше даму қажеттіліктері бар балалар өте осал келеді. Оларда қосымша кедергілер бар: сезімдерін білдіру,эмоцияларды тану қиынға соғады,олар ересектерге көбірек тәуелді және үйреншікті ортасын жоғалтудан қорқады. Кейде бала өзіне не болып жатқанын түсіндіріп бере алмайды",- деді психолог.

Бұл ретте бала өзіне дұрыс қарамай жатқанын әрдайым сезе де бермейді.

"Егер баланың жеке шекарасы туралы түсінігі болмаса,ол болып жатқан жағдайды қалыпты нәрсе ретінде қабылдауы мүмкін",- деп түсіндіреді Жанна Петрова.

Психологтың пікірінше,баланың мойындауына кедергі болатын басты факторлар - жазалану және жәбірлеушінің өш алуынан қорқу.

Баланың жәбір көріп жүргенін қалай түсінуге болады?

Жанна Петрованың айтуынша,ата-аналар үшін баланың мінез-құлқындағы кез келген өзгерісті мұқият қадағалау маңызды.

"Баланың психикасы әрдайым мінез-құлық арқылы белгі береді. Бұл үрей,ашушаңдық,сабаққа барудан бас тарту,ұйқының немесе тәбеттің бұзылуы,сүйікті істеріне деген қызығушылықтың жоғалуы болуы мүмкін",- дейді психолог.

Ол сондай-ақ эмоционалдық өзгерістер де дабыл сигналы болуы мүмкін екенін айтады:

"Бала себепсіз жиі жылай бастауы,агрессивті болуы немесе керісінше,ұйықталып қалуы мүмкін".

Физикалық белгілерді де назардан тыс қалдырмаған жөн:

"Көгеру,сызат,сабақ алдында басының немесе ішінің ауыратынына жиі шағымдануы - бұл да белгі болуы мүмкін",- деп толықтырды сарапшы.

Бұл ретте ол ерекше даму қажеттіліктері бар балалар үшін өзіндік белгілер тән екенін айтты.

"Олар нақты бір адамнан немесе жерден қашуы мүмкін,кенеттен қорқыныш немесе агрессия пайда болады. Егер бала бұрын қуана баратын жеріне барудан бас тартса,бұл әрдайым мәселенің мән-жайын анықтауға себеп болады. Бұл жай ғана нашар көңіл-күй де,нақты қорқыныш та болуы мүмкін",- деп түсіндіреді маман.

Психолог сонымен қатар ата-аналарға баланың сабақтан кейінгі күйіне жіті назар аударуға кеңес береді.

"Егер бала мазасызданып оралса,сабақ туралы айтқысы келмесе немесе нақты бір адам туралы әңгімеден қашса,ата-аналар сақ болуы керек. Кейде балалар ашық түрде: "Мен ол жаққа барғым келмейді","Ол қатал","Маған ол жер ұнамайды" дейді немесе ашуғы булығады",- деді психолог.

Баламен қалай сөйлесу керек?

Петрованың айтуынша,егер ата-анада баланың сыртта жәбір көруі мүмкін деген күдік туса,бастысы оның тұйықталып қалмауы үшін әңгімені дұрыс жүргізу.

"Мұндай жағдайда баламен барынша абайлап сөйлесу маңызды. Ең бастысы - қауіпсіздік сезімін тудыру. "Сенің көңіл-күйің жоқ екенін көріп тұрмын,не болғанын айтқың келе ме?" деп жаймен сұрау керек",- деп мысал келтіреді психолог.

Маман "Өзің кінәлі емессің бе?" немесе "Мұны өзің ойдан шығарып отырған жоқсың ба?" деген сияқты айыптау сұрақтарын қоймау қажеттігін ескертеді.

"Мұндайдан кейін балалар тұйықталып қалады",- деді ол.

Егер балаға даму ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қиын болса,шындықты білуге әңгімелесудің баламалы әдістері көмектеседі.

"Қысқа сөйлемдерді қолданыңыз,жауап беруге уақыт беріңіз,эмоциялар карточкасын пайдаланыңыз. Сондай-ақ балалар өз уайымын көбіне ойын арқылы - суреттер,мүсіндер,ертегілер арқылы білдіреді",- деп түсіндіреді маман.

Психолог ата-аналардың қауіпті иллюзиядан бас тартуы маңызды екенін баса айтты:

"Менің баламда мұндай болуы мүмкін емес" немесе "үндемесе - демек бәрі дұрыс" деген сияқты ұстанымдар қате. Балалар айтқаннан көрі,үндемегенді жөн көреді",- деп ескертеді психолог.

Маман өз сөзіне дәлел ретінде жеке тәжірибесінен мысал келтірді:

"Маған танымал орталықтар бірінің жұмысын ішінен бақылаудың сәті түсті. Онда балалармен дайындығы жоқ қызметкерлер жұмыс істеп,дөрекі күш көрсетті: жылаған балаларды жұлқып көтеріп,айқайлап,балағаттап,олардың жай-күйіне мән бермеді. Ал ата-аналармен өте сыпайы сөйлесетін. Ең қорқыныштысы - бұл жағдайдың қанша уақыт бойы байқалмай келгені белгісіз".

Ата-аналар қандай қателік жібереді?

Петрова балалары жаттықтырушылар немесе педагогтер тарапынан физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған ата-аналардың жиі жіберетін қателіктері қатарында белгілерді елемеуін,балаға қысым көрсетуін және болып жатқан жайтты "тәрбие әдістерімен" ақтауға тырысуын атады.

"Кейде зорлық-зомбылықты "инновациялық әдістеме" деп бүркемелейді,ата-аналар бұған сенеді. Ішкі түйсікке құлақ асу,баланы бақылау және мүмкіндігінше фактілерді тіркеу маңызды. Егер зорлық-зомбылықтың айқын белгілері болса,бірден әрекет ету керек",- дейді психолог.

Тәуекелді қалай азайтуға болады?

Сұхбат соңында психолог ата-аналарға бала баратын секцияларды,орталықтар мен үйірмелерді мұқият таңдауға кеңес береді: пікірлерге сенбей,әдемі суреттер мен атақ-дәрежеге алданбай,бәрін жеке тексеру қажет.

"Қызметкерлердің біліктілігі,әдістемелері,бейнебақылау камераларының бар-жоғы туралы біліңіз. Оқытушылармен жеке танысыңыз",- деп кеңес берді Петрова.

Орталықтың жабық болуы,ата-аналардың қатысуына тыйым салынуы және сұрақтарға агрессивті жауап қайтаруы күмән тудыруы тиіс.

Күдік туындаған жағдайда полицияға,психологқа және тиісті органдарға хабарласыңыз - істі кейінге қалдырмаңыз.