itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

7 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады,- деп хабарлайды
Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі.
Сағат 14:35-те отырып жарысатын ерлер арасындағы парабиатлонда Ербол Хамитов,Сергей Усольцев және Юрий Березин бақ сынады.
Ал Қазақстан үшін жарыс күні ерлер арасындағы тік тұрып жарысатын парабиатлонмен аяқталады. Сағат 16:40-та Александр Герлиц сөреге шығады.
Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)
Еске салайық,XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6-15 наурыз аралығында өтеді. Жарыста парашаңғы жарысы,парабиатлон,арбадағы кёрлинг,парасноуборд,тау шаңғысы және парахоккей бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтсақ,пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов,Александр Герлиц,Сергей Усольцев және Юрий Березин,ал пара шаңғы жарысынан – Нурлан Алимов,Владислав Кобаль және Анна Грачёва.