Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды

Jul 7, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рома

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жаңа қызметке тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі,сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) өкілдігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі ауысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл қызметке Ержан Елекеев тағайындалды.

Роман Юрьевич Василенко 1972 жылғы 14 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Экономика,қаржы және құқық әскери академиясын үздік тәмамдаған. Аудармашы-референт,халықаралық құқық саласының маманы.