Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот мәліметінше,Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша айыпталған. Үшінші тұлға – ЖШС директоры – аса ірі көлемде пара беру және жымқыру мақсатынсыз мүліктік залал келтіру бойынша айыпталған.
"Сотпен анықталғаны,К. мен А. лауазымды тұлғалар бола отырып,ТОО директоры П.-мен сөз байласып,орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ,П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған",- делінген сот хабарламасында.
Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген.
Алқабилердің үкімі бойынша,Көкірекбаев пен оның бүрынғы орынбасары кінәлі деп танылды.
"Сот үкімі бойынша,К.-ға 12 жылға,А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды".
Үкім заңды күшіне енген жоқ.