Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды

Jul 3, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен к

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен кейін қазақстандықтар қырғызстандық жоғары оқу орнынан оқудан шығарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МҰҚК мәліметінше,Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне ресми қабылданған бірнеше шетелдік шын мәнінде ел аумағында болмаған және оқуға қатыспаған. Соған қарамастан олардың құжаттары университетте белсенді студенттердің құжаттары ретінде тіркелген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссия тексерісі бұл жайтты растады. Нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды,оның ішінде:

Өзбекстанның 30 азаматы;

20 қазақстандық;

9 ресейлік.

Тергеу жалғасып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КР УКМК | ГКНБ КР (@gknb.official)