ҚТЖ-ны уақытша Даниал Ахметовтың күйеу баласы басқарады

Jul 3, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне тағайындалғанн

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне тағайындалғаннан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы міндетін уақытша Ерлан Қойшыбаев атқаратын болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес,басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады",– деп түсіндірді баспасөз қызметі.

ҚТЖ-ның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес,бұл қызметті 2023 жылдан бері 39 жастағы Ерлан Қойшыбаев атқарып келеді. Ол – бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызы Аделия Ахметованың жұбайы.