Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді

Jul 3, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше Қазақстанда Антикор мен ҰҚК біріктірілетіні белгілі болды. Президент "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды:

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – қызмет) құрылсын.

Қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.