Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Астанадағы сауда орнына сібір жарасы ауруына шалдыққан мал еті жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ресми мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінгі күнге дейін елордадағы сауда орталықтарында,соның ішінде "Әлем" сауда орнында жұқпалы ет өнімінің сатылуы немесе жеткізілуі туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлық жеткізілген ет өнімі міндетті ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ",- делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше,бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында кешенді дезинфекциялық жұмыстар толық аяқталған.
"Қауіпті ет өнімдері белгіленген санитарлық тәртіппен жойылғаны айтылды. Тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр",- деді ведомство өкілдері.
Азаматтардан тек ресми дереккөздерге,яғни,Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараттарына сену сұралды.