Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "СҚ-Фармация" ЖШС,Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы,Бірыңғай дистрибьютор және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың қызметіне қатысты Бас прокуратураға арыз түсірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың сөзінше,бұған дейін берген уәдесінде тұрып,Жоғары аудиторлық палатаның аудит қорытындысында мемлекетке айтарлықтай залал келтірген заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін Бас прокуратураға төрт өтініш жолдауды ұйғарған:
"СҚ-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық индустрия субъектілерінің қызметіне қатысты;
ӘМСҚ (МӘМС) және медициналық ұйымдарға қатысты;
Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларға қатысты;
2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Үкімет есебі бойынша бірқатар министрлікке қатысты.
"Кеше Бас прокуратураға "СҚ-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріне қатысты алғашқы өтінішім жолданды. Өтінішімді әріптесім Мұрат Әбенов қолдап,бірге қол қойды. Прокуратура органдары тарапынан фармацевтикалық салаға ауқымды тексеріс жүргізіледі,құқық қорғау органдары тарапынан соталды тергеулер,сондай-ақ,сот процестері болады,(кінәлілер - еск.) қамауға алынады деп күтеміз",- деді депутат.
Еске салайық,бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып,"СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп,оларды Антикор,ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті.