Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне демалуға барғысы келетін қазақстандықтарға ықтимал қауіптер туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров азаматтарға үндеу жасады.
"Таяу Шығысқа демалуға баруды жоспарлап отырған барлық азаматқа үндеу жасағым келеді. Біз бірнеше күннен бері геосаяси жағдайдың аса тұрақсыз екенін бақылап отырмыз,жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Соған қарамастан,бұл елдерге бағыт алған рейстер әлі де жолаушыларға толы. Мысалы,кеше,шамасы,Air Astana бірнеше рейсті тоқтатты. Әрине,бұл жағдайға байланысты: ол жақтан адамдарды қалай қайтарамыз деген сұрақтар туындайды. Бұл — үлкен мәселе. Мұны бізге шешуге тура келеді. Сондықтан,демалыс үшін осы елдерге бармас бұрын,тағы бір мәрте жақсылап ойланып,байсалды шешім қабылдауларыңызды сұраймын. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін сіздер жеке өздеріңіз жауап бересіздер",– деді Смадияров СІМ-дегі брифингте.
Ол шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – біздің дипломаттарымыздың басты басымдығы екенін атап өтті. Смадияров қажет болған жағдайда Қазақстан барлық қажетті көмекті көрсететінін айтты,бірақ сонымен қатар "мемлекеттің ұсыныстарына құлақ асу маңызды" екенін ескертті.
"Қазір Таяу Шығысқа бару – үлкен сұрақ. Сондықтан бұл елдерге демалуға ұшпас бұрын тағы бір рет жақсылап ойланып,салмақты шешім қабылдау керек. Әзірге ұшақтар қатынап жатыр,бірақ кез келген сәтте рейстер тоқтап қалуы мүмкін. Онда Қазақстанға қайтып оралу үлкен мәселе болып қалуы ықтимал",– деп ескертті министрлік өкілі.