Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Jun 10, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ ҚР ТЖМ \"Сейсмологиялык зерттеу институты\" ЖШС сейсмикалық

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 07 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 мин жер сілкінісі тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматыда - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын,гидротехникалық құрылыстарды,көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ,тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап,тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ,қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді",- делінген хабарламада.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.