Бизнес

Тоқев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Jun 9, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып,жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету,жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері,үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап,ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.