Айжан Калиева
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту,басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу,Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту,әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру,сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Еске салайық,бүгін Қазақстан Президенті Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатып,оның орнына Даурен Қосановты тағайындады.