Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

Jun 9, 2025 IDOPRESS
Жансая Қадыржанова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Шілдеде қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды,

Жансая Қадыржанова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана күні

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді,сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5,6 және 7 шілде (сенбі,жексенбі,дүйсенбі) - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;

6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.

Шілдеде қанша күн демалыс бар?

Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып,22 күн жұмыс істесе,6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып,26 күн жұмыс істейді.