Бизнес

Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Jun 6, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақораға сілтеме жасап.

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа,тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.