Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы шектеледі

May 30, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту ж

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде үш көшеде автокөлік қозғалысы шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап С. Марков көшесіне дейін солтүстік жағынан автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады.

1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Габдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

"Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегментінің жүргін бөлігінің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі",- делінген хабарламада.