Астанада екі көше ішінара жабылады

May 16, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Астанада Ұлы Дала даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Бокейхан көшесіне дейінгі учаскесінде ор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ұлы Дала даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Бокейхан көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты,15 мен 20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Сондай-ақ,15 мен 22 мамыр аралығында Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

"Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз".