Жетісу облысында тұрғынның үйінен қылмыстық құрылғылар тәркіленді

Apr 10, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Жетісу облысында \"Sim-Box\" құрылғыларын пайдалану дерегі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz ті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында "Sim-Box" құрылғыларын пайдалану дерегі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен,облыстық ҰҚКД,ПД-нің "Киберпол" бөлімшесі,сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ және "Кселл" АҚ қызметкерлері бірлесіп,"Sim-Box" құрылғыларын заңсыз пайдалану дерегін анықтады.

"Оперативтік іс-шаралар барысында 29 жастағы облыс тұрғынының үйінен 7 дана "Sim-Box" құрылғысы,роутерлер,компьютерлер,ноутбуктер,ұялы телефондар және 6,5 мыңнан астам ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді",- делінген хабарламада.

"Sim-Box" құрылғысы алаяқтар тарапынан жаппай телефон қоңырауларын генерациялау,хабарламалар тарату және абонент нөмірлерін ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы ("Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды".

Бұл соңғы екі айда "Sim-Box" құрылғысын пайдаланудың екінші анықталған жағдайы.