Алматыда жылу қашан ажыратылады?

Apr 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты,- деп хабарлайды Ten

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше,Алматыда жылыту маусымы жыл сайын гидрометеорологиялық қызмет бес күн ішінде тіркеген орташа тәуліктік температура +8 градустан жоғары болғаннан кейін аяқталады.

Тұтынушыларды жылудан ажырату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

әкімшілік ғимараттар,оқу орындары,театрлар;

тұрғын үйлер,жатақханалар,қонақүйлер;

балалар,емдеу мекемелері,мектептер,кәсіптік мектептер,медициналық-әлеуметтік мекемелер.

"Нақты күні БАҚ-та қосымша жарияланады",- деп толықтырды әкімдік өкілдері.