Алматы аудандарының бірінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді

Mar 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматының Алатау ауданында Наурыз мерекесін атап өту және 22 наурызда \"Алматы Арена\" спорт к

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алатау ауданында Наурыз мерекесін атап өту және 22 наурызда "Алматы Арена" спорт кешенінде өтетін Tynda Music симфониялық концертіне дайындық жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты көлік қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізіледі.

19 наурыз сағат 00:00-ден 24 наурыз сағат 00:00-ге дейін Универсиада көшесінің Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Наурыз мейрамының концерті мен мерекелік шараларына келушілерге ыңғайлы болу үшін қосымша автотұрақтар ұйымдастырылды:

Момышұлы көшесіндегі жаңа мешіт аумағында;

"Алматы Арена" спорт кешені аумағында;

"Алатау" дәстүрлі өнер театры аумағында.

Суреттер: Алматы әкімдігі

"Қалалық әкімдік тұрғындарды алдын ала бағыттарын жоспарлауға,уақытша шектеулерді ескеруге және мерекелік күндері қозғалысты жеңілдету үшін ұсынылған автотұрақтарды пайдалануға шақырады".