Қырғызстанда екі рет кісі өлтірді деп күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Feb 27, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Екі рет кісі өлтіргені үшін 6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі рет кісі өлтіргені үшін 6 жылдан аса уақыт жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы ер адам Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.

"Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр",- деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықты Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері 24 ақпанда Бішкекте ұстаған.