Бизнес

Жұмысқа шығып, жоғалып кеткен: Павлодарда кәсіпкер өлі табылды

Feb 24, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен шығып,жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен шығып,жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлімін тергеп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкерді іздеу бір күннен аса уақытқа созылған.

"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр",- деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция департаменті өкілі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатынын айтты.

Кәсіпкер жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған.

"Ер адамның жеке кәсібі бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес ол серігімен кездесуі керек еді. Кездесу өтті ме,жоқ па,оны анықтау мүмкін болмады",- деді Павлодардың "VITA" іздеу жасағының еріктілері.