Алматының бір ауданында уақытша суық су болмайды

Feb 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматының бір ауданы суық сусыз қалады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бір ауданы суық сусыз қалады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Су" мәліметінше,18 ақпанда қалада жаңа су құбыры желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:

Розыбакиев көшесі,"Әмір" ТК,ESTET ТК,4YOU ТК;

Тәжібаев көшесі,"Элемент" ТК;

Қожабеков көшесі,6,17/1,21,"Браун" ТК.

"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп жазылған хабарламада.