“Қазгидромет“ Алматы және тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Feb 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазгидромет Алматы мен басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengr

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы мен басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 7 ақпанда Павлодар,Қарағанды,Жезқазған,Балқаш,Теміртау,Өскемен,Семей,Риддер,Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.