Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы және Тунистегі елшісі қызметінен босатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
"Қайрат Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі,Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.