Қазгидромет Алматы және Астана қалаларындағы 25-27 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 желтоқсан күні Астанада бұлтты,жауын-шашынсыз. Уақытша тұман түседі. Жел оңтүстіктен 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз,күндіз 6-8 градус аяз.
26 желтоқсан күні бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады,екпіні 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 15-17 градус аяз,күндіз 8-10 градус аяз.
27 желтоқсан күні бұлтты,күндіз қар жауып,бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 9-11 градус аяз,күндіз 5-7 градус аяз.
25 желтоқсан күні Алматыда күн бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз,күндіз 1-3 градус аяз.
26 желтоқсан күні бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз,күндіз 0-2 градус жылы.
27 желтоқсан күні бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз,күндіз 2-4 градус жылы.