Бизнес

Сирияда көтерілісшілер Дамаск қаласын басып алды

Dec 10, 2024 IDOPRESS
Хаят Тахрир аш-Шам бастаған исламшыл көтерілісшілер Сирия астанасы Дамаскіге кірді. Бұл туралы жексенбі,8 же

Хаят Тахрир аш-Шам бастаған исламшыл көтерілісшілер Сирия астанасы Дамаскіге кірді. Бұл туралы жексенбі,8 желтоқсанға қараған түні Таяу Шығыс және Батыс ақпарат агенттіктері мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Хаят Тахрир аш-Шам бастаған исламшыл көтерілісшілер Сирия астанасы Дамаскіге кірді. Бұл туралы жексенбі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар қаладағы қатты атыс дыбыстарын естігендерін айтты. Бірқатар БАҚ Дамаск әуежайында дүрбелең болғанын,үкімет күштерінің офицерлері мен сарбаздары әуе айлағын тастап кеткенін хабарлады. Әл-Жазира агенттігі де оппозициялық күштер Дамаскінің орталығындағы Қоғамдық радио мен теледидар ғимаратын басып алды деп мәлімдейді.

Syrians in the city of Douma in the Damascus countryside took to the streets,rejoicing at the withdrawal of Assad regime and Iranian militias. #Syria pic.twitter.com/Wt839GxDyV

— DOAM (@doamuslims) December 7,2024

Сирия армиясының екі жоғары лауазымды офицері Reuters агенттігіне Сирия президенті Башар Асадтың Дамаскіден "белгісіз бағытқа" кеткенін айтты. Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясының (SOHR) басшысы Рами Абдель Рахманның айтуынша,Асад Дамаск халықаралық әуежайынан ұшып кеткен.

CNN бұған дейін Башар Асадтың "қайда екенін білу мүмкін емес" деп хабарлаған. Телеарна дереккөзінің айтуынша,Асадтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін президент күзетшісі де әдеттегідей орналасатын жерін тастап кеткен,оның да қайда екені белгісіз.

Көтерілісшілер сондай-ақ Дамаск маңындағы Седная түрмесінен мыңдаған тұтқынды босатқандарын айтып,"тирания дәуірінің аяқталғанын" жариялады. SOHR ақпарат құралы хабарлағандай,бұл түрме 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері он мыңдаған азаматтық тұтқындар мен көтерілісшілердің азапталған орны.

Сирияда не болып жатыр?

Биыл қараша айының аяғында - Хаят Тахрир аш-Шам (ХТШ) мен оның одақтасы Сирия Ұлттық Армиясы (СҰА) үкіметтік күштерге қарсы кең ауқымды шабуыл бастады. Бұл шабуыл үкіметтің артиллериялық соққыларына жауап ретінде ұйымдастырылған болатын.

Қазір Алеппо қаласының басым бөлігі көтерілісшілердің бақылауына өтті. Сонымен қатар,Серакиб,Маарет-эн-Нууман,Хан-Шейхун және Идлиб провинциясындағы Кафр-Набль сияқты маңызды қалалар да көтерілісшілер қолында.

Айта кетейік,"Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) - Башар Асад (Сирия президенті - ред.) режиміне қарсы күресіп жатқан ең ықпалды қарулы топтардың бірі. Ол бұрынғы "Джебхат ан-Нусра" негізінде құрылған және Идлиб аймағындағы маңызды әскери күшке айналды.