Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше,2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді.
"Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен,қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды.
Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан,тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ",- делінген хабарламада.