Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді",- делінген хабарламада.
Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер,сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.