Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік сыйлық:
ақын Нұржан Светқалиға – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.